Ыбырай Алтынсарин. Әңгімелер мен өлеңдер · Ыбырай Алтынсарин
Салақтық
Тарауды тыңдау
Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен
≈ 1 мин
Кез келген сөзге түртіңіз — қазақша түсіндірмесі шығады.
Кәрім деген мешер өзі жұмысқа тәуір жігіт те болса, жуынып кірсіз көйлек киіп таза жүрумен ісі жоқ еді. Әркім айтушы еді: — Саған не болды, Кәрім, бойыңнан кіріңді ағызып жүргенше, жуынсаң болмай ма? — деп. — Қолым тимейді, — деуші еді ол. Сөйтіп жүріп, тұла бойын шиқан қаптап және қотыр болды. Бұл күйде құрысып-тырысып жатқанында, әркім сұрайды: — Кәрім, саған не болды? — деп. Кәрім айтады екен: — Күнәм үшін құдайдың бір берген сазайы-дағы, — деп. Оған қарсы таныстары: — Рас, Кәрім, құдайтағала таза жүрмеген былғаныш кісіні сүймейді, тым болмаса жұмасына бір моншаға түсіп, не болмаса үйіңде сабынмен жуынуды әдет етсең, бұл бәлеге душар болмас едің. Сонымен Кәрімді ауру жататын үйге алып барып, таза жуындырып, таза киім киіндіріп, ем қылған соң, аз ба, көп пе жатып жазылды. Мұнан шыққан соң, Кәрім бір заводқа барып жалданыпты. Өздеріңе де белгілі шығар, заводта нәрсе бояйтын бояулардың қайсысы у болады. Бір күні қожасы Кәрімге бір бояуды былғап қой деп беріпті. Былғап отырып-отырып, кәдімгі үйренген қалыбынша, қолын жумастан барып, тамаққа отырып, нан жепті. Қолындағы бояудың жұғынының бәрі де жеп отырған нанына жабысып отырғанда, бір мезгілде Кәрімнің іші бүрісіп, ауыра бастапты. Әрлі-берлі, олай-бұлай аунақшып, біраз жатып, Кәрім ұзамай-ақ жан тапсырыпты, әлгі бояу у бояу екен.
Мазмұны · 5545 / 55
- 1Абылай хан
- 2Айуанның естесі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ
- 3Ақымақ дос
- 4Алтын шеттеуік
- 5Ананың сүюі
- 6Асыл шөп
- 7Аурудан аяған күштірек
- 8Әдеп
- 9Әділдік
- 10Әй, достарым!
- 11Әй, жігіттер!
- 12Әке мен бала
- 13Әлім кісі
- 14Байұлы
- 15Бай мен жарлы баласы
- 16Бақша ағаштары
- 17Баланың айласы
- 18Бұл кім?
- 19Білгеннің пайдасы
- 20Бір уыс мақта
- 21Дүние қалай етсең табылады
- 22Жаз
- 23Жамандыққа жақсылық
- 24Жаман жолдас
- 25Жан-жануарлардың дауласқаны
- 26Жәнібек батыр
- 27Жомарт
- 28Зеректік
- 29Кел, балалар, оқылық
- 30Қанағат
- 31Қара батыр
- 32Қарға мен құрт
- 33Қыпшақ Сейітқұл
- 34Лұқпан әкім
- 35Малды пайдаға жарату
- 36Мейірімді бала
- 37Мұжық пен жасауыл
- 38Мұңсыз адам
- 39Өзен
- 40Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
- 41Өтіріктің залалы
- 42Петр патшаның тергелгені
- 43Полкан деген ит
- 44Сақып
- 45Салақтық
- 46Сараңдық пен жинақтылық
- 47Сауысқан мен қарға
- 48Сәтемір хан
- 49Силинші деген ханым
- 50Таза бұлақ
- 51Талаптың пайдасы
- 52Түлкі мен ешкі
- 53Тышқанның өсиеті
- 54Шеше мен бала
- 55Ізбасты
Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз
Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады