Ыбырай Алтынсариннің фотопортреті: сақалды, қара шапан киген ағартушы

Ыбырай Алтынсарин. Әңгімелер мен өлеңдер · Ыбырай Алтынсарин

Жәнібек батыр

Тарауды тыңдау

Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен

≈ 2 мин

Кез келген сөзге түртіңіз — қазақша түсіндірмесі шығады.

Жәнібек батыр бала күнінде ақыл-білім үйрену үшін, Қаракерей Соқырабыз дегенді іздеп келген екен. Сәлем беріп кіріп келсе, қарттықтан екі жағын жібекпен таңып отырған кісі екен, Жәнібекті көріп: — Сен кай ұлсың? — деді. — Қошқар ұлымын, — деді. — Қошқардың адам есті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба? — деді. — Болармыз, — деді. — Балам, не жұмысың бар, бұл жақта неғып жүрсің? — деді. — Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл-білім алайын деп жүр едім, — деді. — А-а!!! Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап, би болайын деген ұл екенсің алдыңа келсе әділдігіңді аяма — аймағын кетпес алдыңнан; қол бастап жол алайын деген ұл екенсің, жолдастың мыңын алма, бірін ал, мың кісіге — бір кісі олжа салатұғын, олжанды аямасаң — жолдасың қалмас жаныңнан; жүз жиырма алтыға келіп отырмын, жас күніңде қалың бер де қатын ал, жігіттің хан болатын, қыздың ханым болатын уакыты сол, қартайған соң өкінбе, ұлым; қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең — таяғың, қарның ашса — тамағың. Мұнан шығып, Кіші жүзде тоқсанға келіп отырған Тайған деген биге келді. Келсе бидің елі көш екен, көш үстінде кез болып сәлем беріп, ат үстінен көрісті. Мұнысын жақтырмай, бұл би де сұрады. — Жаным, қай ұлсың? — Қошқар ұлымын. — Ұлым, неғып жүрсін? Оған да айтты: — Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл сұрайын деп едім. — Е! Е! Е! — деді ол. — Азуы алты қарыс арғынның Қошкарұлы Жәнібек, Алшынның, бір алжыған шалын келемеж қылып кетейін деп едім десеңші. Жәнібек: — Мен сөз сұраймын деп келсем, көңілімді қайтарды ғой, — деп, атының басын бұрып алып жүріп кетті... Анадай бара жатқанда, би: — Әй, Жәнібек, — деп шақырды. Жәнібек артына қарады. Сонда би: — Атыңның басын бұрма, солай тұр, жүзім кішілігінен бір ауыз сөзбен көңліңді қайтардым: өгізді өрге салма — қанатың талар, жаманға жүзіңді салма — сағың сынар, — деді.

Мазмұны · 5526 / 55
  1. 1Абылай хан
  2. 2Айуанның естесі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ
  3. 3Ақымақ дос
  4. 4Алтын шеттеуік
  5. 5Ананың сүюі
  6. 6Асыл шөп
  7. 7Аурудан аяған күштірек
  8. 8Әдеп
  9. 9Әділдік
  10. 10Әй, достарым!
  11. 11Әй, жігіттер!
  12. 12Әке мен бала
  13. 13Әлім кісі
  14. 14Байұлы
  15. 15Бай мен жарлы баласы
  16. 16Бақша ағаштары
  17. 17Баланың айласы
  18. 18Бұл кім?
  19. 19Білгеннің пайдасы
  20. 20Бір уыс мақта
  21. 21Дүние қалай етсең табылады
  22. 22Жаз
  23. 23Жамандыққа жақсылық
  24. 24Жаман жолдас
  25. 25Жан-жануарлардың дауласқаны
  26. 26Жәнібек батыр
  27. 27Жомарт
  28. 28Зеректік
  29. 29Кел, балалар, оқылық
  30. 30Қанағат
  31. 31Қара батыр
  32. 32Қарға мен құрт
  33. 33Қыпшақ Сейітқұл
  34. 34Лұқпан әкім
  35. 35Малды пайдаға жарату
  36. 36Мейірімді бала
  37. 37Мұжық пен жасауыл
  38. 38Мұңсыз адам
  39. 39Өзен
  40. 40Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
  41. 41Өтіріктің залалы
  42. 42Петр патшаның тергелгені
  43. 43Полкан деген ит
  44. 44Сақып
  45. 45Салақтық
  46. 46Сараңдық пен жинақтылық
  47. 47Сауысқан мен қарға
  48. 48Сәтемір хан
  49. 49Силинші деген ханым
  50. 50Таза бұлақ
  51. 51Талаптың пайдасы
  52. 52Түлкі мен ешкі
  53. 53Тышқанның өсиеті
  54. 54Шеше мен бала
  55. 55Ізбасты

Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз

Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады

Квиз бастау