Ашықтық
Дереккөздер мен құқықтар
Абай өлеңдерінің алғашқы жинағы (1909), Абай мұражайы. Yakov Fedorov · CC BY-SA 4.0
Мәтіндер қайдан алынды, кімнің құқығы, сөздік пен аудио қандай лицензиямен, түсіндірмелерді кім жазады және тексереді, қандай деректер жиналады, AI қайда қолданылады.
Әдеби мәтіндер
5 туынды — түпнұсқа мәтін, өзгертілмей беріледі (OCR-ден келген қ/ғ қателері түзетілген, абзацтар қалпына келтірілген); «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» — жоба редакциясының қара сөзбен баяндауы, яғни адаптация, кітапханада солай белгіленген. Авторлары қайтыс болғанына 70 жылдан асқан — бұл ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңының 28-бабындағы жалпы ереже. Сол баптың ерекше ережесі бар: қуғын-сүргінге ұшырап, қайтыс болғаннан кейін ақталған авторлар үшін мерзім ақталған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан есептеледі. Сондықтан 2026 жылғы 19 қарашада төрт автордың мәтіндері сайттан алынды — олар төмендегі тізімде, қайсысы қашан қоғамдық игілікке өтетіні көрсетілген.
| Туынды | Автор · дәуір | Дереккөз · басылым | Редакциялық өңдеу | Құқық мәртебесі |
|---|---|---|---|---|
| Қара сөздер45 тарау | Абай ҚұнанбаевXIX ғасыр | Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ электронды жинағы (abai.enu.kz) | Мәтін өзгертілмеген; бос орын мен тыныс белгісі нормаланған (scripts/normalize-punctuation.mjs), OCR-дің қ/ғ қателері түзетілген. | Мәтін — қоғамдық игілік (Абай, 1904 ж. қайтыс болған) |
| Абай өлеңдері141 тарау | Абай ҚұнанбаевXIX ғасыр | Wikisource (wikisource.org, Kazakh) | Мәтін өзгертілмеген; бос орын мен тыныс белгісі нормаланған (scripts/normalize-punctuation.mjs), OCR-дің қ/ғ қателері түзетілген. | Мәтін — қоғамдық игілік; Wikisource беттері — CC BY-SA |
| Абай поэмалары4 тарау | Абай ҚұнанбаевXIX ғасыр | Wikisource (wikisource.org, Kazakh) | Мәтін өзгертілмеген; бос орын мен тыныс белгісі нормаланған (scripts/normalize-punctuation.mjs), OCR-дің қ/ғ қателері түзетілген. | Мәтін — қоғамдық игілік; Wikisource беттері — CC BY-SA |
| Ыбырай Алтынсарин. Әңгімелер мен өлеңдер55 тарау | Ыбырай АлтынсаринXIX ғасыр | Wikisource (wikisource.org, Kazakh) | Мәтін өзгертілмеген; бос орын мен тыныс белгісі нормаланған (scripts/normalize-punctuation.mjs), OCR-дің қ/ғ қателері түзетілген.Оқылым айырмасы: 1 орын — оқу бетінде қатар көрсетіледі, бағаланбайды | Мәтін — қоғамдық игілік; Wikisource беттері — CC BY-SA |
| Қазақ халық ертегілері4 тарау | Халық ертегілеріАуызша дәстүр | Wikisource (wikisource.org, Kazakh) | Мәтін өзгертілмеген; бос орын мен тыныс белгісі нормаланған (scripts/normalize-punctuation.mjs), OCR-дің қ/ғ қателері түзетілген. | Мәтін — қоғамдық игілік; Wikisource беттері — CC BY-SA |
| Қозы Көрпеш — Баян сұлу5 тарау | Халық аңызыАуызша дәстүр | Жоба редакциясының қара сөзбен баяндауы (эпостың дәл мәтіні ашық дереккөздерде табылмады) | Мәтін өзгертілмеген; бос орын мен тыныс белгісі нормаланған (scripts/normalize-punctuation.mjs), OCR-дің қ/ғ қателері түзетілген. | Жоба мәтіні · сюжет — халық мұрасы |
Авторлық құқық бойынша алынған шығармалар
Бұл авторлар қуғын-сүргін құрбаны болып, қайтыс болғаннан кейін ақталған. 28-бап бойынша қорғау мерзімі ақталған жылдан есептеледі, сондықтан мәтіндері әлі қорғауда: сайтта жарияланбайды. Мерзім аяқталғанда немесе құқық иесі рұқсат бергенде қайта қосылады; өмірбаяндары «Тұлғалар» бөлімінде қалды.
- «Ақбілек»· Жүсіпбек Аймауытов· 30 мәтін· 2059 жылдың 1 қаңтарынан бастап ашық
- «Шұғаның белгісі»· Бейімбет Майлин· 13 мәтін· 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап ашық
- «Ахмет Байтұрсынұлы. Мысалдар мен өлеңдер»· Ахмет Байтұрсынұлы· 68 мәтін· 2059 жылдың 1 қаңтарынан бастап ашық
- «Мағжан Жұмабаев. Өлеңдер»· Мағжан Жұмабаев· 7 мәтін· 2031 жылдың 1 қаңтарынан бастап ашық
Wikisource беттерінің өз жиынтық безендіруі CC BY-SA лицензиясында; мәтіннің өзі қоғамдық игілік. Пайдаланушы өзі жүктеген мәтін (PDF, скан) тек оның браузерінде сақталады және серверге жіберілмейді — авторлық құқығы бар мәтінді де жеке оқуға болады.
Оқылым айырмалары (разночтения)
Кейде басылымдар бір жолды әр түрлі оқиды, және мағына соған қарай өзгереді. Ондай жерде біз мәтінді дереккөзден өзгертпейміз, бірақ екінші оқылымды қатар көрсетеміз, ал сол сөз бойынша бағаланатын тапсырма берілмейді — әдебиетші шешім шығарғанша.
Кел, балалар, оқылық · «Бастасаңыз Алдалап»
Біздің мәтінде: «Бастасаңыз алдалап» (Wikisource, қазақша бөлім (жобаға импортталған нұсқа)). Басқа басылымда: «Бастасаңыз аллалап» (Ы. Алтынсарин шығармалары, кітап басылымдары (мыс. ЛитРес-тегі электрондық басылым)).
Екі оқылымның мағынасы екі түрлі: бірі — баланы қызықтырып бастау, екіншісі — істі Алла атымен бастау. Шумақтың алдыңғы жолы «Бір Құдайға сыйынып» болғандықтан, «аллалап» оқылымы да негізді. Сондықтан бұл жол бойынша бағаланатын тапсырма берілмейді: филолог шешім шығарғанша екі нұсқа қатар көрсетіледі.
Мәртебесі: шешілмеген — бағаланатын тапсырмаға кірмейді
Авторлардың портреттері
«Қазақ әдебиетінің тұлғалары» бөліміндегі суреттер Wikimedia Commons-тан алынған; әрқайсысының лицензиясы scripts/fetch-author-portraits.py скриптімен тексеріліп, осы кестеге жазылған. Бәрі бірдей сине-ақ реңкке келтіріледі (CSS), бірақ түпнұсқасы өзгертілмейді. Егер сурет фотосурет болмаса — пошта маркасындағы бейне немесе ескерткіш-тақтадағы бедер — ол суреттің астында тікелей жазылады: суретшінің жұмысын тарихи фотосурет ретінде көрсетуге болмайды. Құқығы расталмаған файл қолданылмайды; мұндай жағдайда автордың орнында стильденген силуэт тұрады (public/authors/*.svg).
- Абай ҚұнанбайұлыWikimedia Commons · File:Abai Kunanbaev.jpg · Қоғамдық игілік (PD-old)Тарихи фотосурет
- Ыбырай АлтынсаринWikimedia Commons · File:Altynsarin.jpg · Қоғамдық игілік (Commons-те PD деп белгіленген; авторы мен алғашқы жарияланымы белгісіз)Тарихи фотосурет
- Ахмет БайтұрсынұлыWikimedia Commons · File:Ахмет Байтұрсынұлы (1913-02-02).jpg · Қоғамдық игілік (PD-RusEmpire, 1913 ж.)Тарихи фотосурет, 1913 жыл
- Мағжан ЖұмабаевWikimedia Commons · File:Magzhan Zhumabai 2018 stamp of Kazakhstan.jpg (Қазпошта) · Қоғамдық игілік (PD-KZ-exempt: пошта маркасы — ресми белгі)2018 жылғы Қазпошта маркасындағы суретшінің бейнесі — фотосурет емес
- Жүсіпбек АймауытовWikimedia Commons · File:Жүсіпбек Аймауытұлына арналған ескерткіш-тақта. ОҚПУ.jpg, автор — Bekbal · CC BY-SA 4.0 (фото: Bekbal)Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіндегі ескерткіш-тақтадағы бедер — фотосурет емес
- Бейімбет МайлинWikimedia Commons · File:Beimbet Maylin 2019 stamp of Kazakhstan.jpg (Қазпошта) · Қоғамдық игілік (PD-KZ-exempt: пошта маркасы — ресми белгі)2019 жылғы Қазпошта маркасында жаңғыртылған портрет
Өмірбаяндар — жоба редакциясының қысқаша мазмұндамасы (ашық энциклопедиялық дереккөздер бойынша), әдебиеттанушы тексеруін күтуде; дәйексөздер кітапханадағы мәтіндерден алынған және сол тарауға сілтеме береді.
Сөздік
Офлайн-сөздік (39 мың лемма) жеті ашық дереккөзден scripts/build-dictionary.py скриптімен жиналады. Әр сөздің жанында дереккөз әріптері көрінеді.
Түсіндірмелер тек қазақша
Ашық дереккөздердегі мағыналардың басым бөлігі — орысша немесе ағылшынша глосстар. Қазақ тіліндегі сайт қазақ сөзін орысша түсіндірмеуі керек, сондықтан оқырманға олар мүлде жіберілмейді: сервер де, «Сөздік» беті де тек қазақша қабатты береді. Ол төрт көзден жиналады:
- Жоба редакциясы — жиі кездесетін шылаулар, көмекші етістіктер, кітап кейіпкерлерінің аты: src/lib/content/kk-core.ts (тексерілмеген, әдебиетші қарауын күтеді).
- kk.wiktionary — қазақша жазылған түсіндірмелер, CC BY-SA.
- Сөзжасам талдауы — «абайсыз» = «абай» + -сыз: сөздің құрылымы бойынша қазақша түсіндірме (scripts/build-kk-meanings.mjs). Бұл сөздік мақаласы емес, сөздің жасалу жолы — интерфейсте солай белгіленген.
- Мағыналас сөздер — бір-бірімен мағыналас қазақ сөздерінің тізбегі (есептеу кезінде екі қазақ сөзінің сөздіктегі сәйкестігі пайдаланылады, бірақ сол глосстың өзі оқырманға көрсетілмейді).
Кітаптағы мәтіндегі сөз қолданыстарының ≈90%-ына осылай қазақша түсіндірме шығады (санақ: scripts/kk-coverage.mjs). Қалғанына түсіндірме жазылмағаны ашық айтылады және «Түсіндірмеде қате бар» батырмасы арқылы редакцияға белгілеуге болады (тізім профильде және экспортта). Мағынаның дұрыстығын машина тексере алмайды: механикалық тексеру (scripts/audit-kk-meanings.mjs) тек латын әрпі, орыс сөзі, қайталанған статья, күмәнді сөзжасам сияқты ақауларды табады — мағынаны маман тексереді.
- ru.wiktionary — қазақ бөліміCC BY-SA 4.0орысша түсіндірмелер
- en.wiktionary — KazakhCC BY-SA 4.0ағылшынша глосстар
- ru.wiktionary — орыс сөздерінің қазақша аудармаларыCC BY-SA 4.0толық дамп, ағынмен оқылады
- kk.wiktionary дампыCC BY-SA 4.0қазақша түсіндірмелер
- Apertium apertium-kaz-rusGPL-3.0аударма жұптары
- Apertium apertium-eng-kazGPL-3.0аударма жұптары
- Apertium apertium-kaz (lexc)GPL-3.0леммалар мен сөз таптары
CC BY-SA — атрибуция сақталып, туынды сол лицензиямен таратылады. Apertium (GPL-3.0) бөлігі керек болмаса, сөздік «--no-apertium» баптауымен қайта жиналады (~24 мың сөз қалады).
Түсіндірмелерді кім жазады және тексереді
86
глоссарий сөзі (көне сөз, дәстүр, диалект)
25
нақты жердегі мағына (usages) — редакция
72 / 14
редакция дайындаған / черновик (лингвист тексеруін күтуде)
Глоссарий, сабақтардағы пересказ, мәдени түсініктеме мен сұрақтар — жоба редакциясының мәтіні. Әр статьяның мәртебесі бар: «тексерілген» немесе «черновик» (лингвист сараптамасын күтуде) — интерфейс оны сол күйінде көрсетеді, жасырмайды. Мәдени түсініктеменің дереккөзі жанында жазылады (мысалы, Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абай өлеңдеріне түсіндірмесі). Оқырман түсінбеген немесе күмәнді сөзді «Редакцияға белгілеу» батырмасымен тізімге қосады; тізім профильде және экспортта.
Сайттағы фотосуреттер
Барлық фотосурет Wikimedia Commons-тан алынған, лицензиясы scripts/fetch-photos.py арқылы тексерілген (скрипт API қайтарған лицензияны басып шығарады). Әрқайсысының жанында автор мен лицензия жазулы; мәтіннің ішіне сурет қойылмайды — оқуға кедергі болмас үшін.
- Бүркітші. Алтай, Арақан өзені алқабы, 1911–1914 жж.Сергей Борисов · Қоғамдық игілік (PD-Russia-expired)
- Киіз үйдің іші. Алтай, 1911–1914 жж.Сергей Борисов · Қоғамдық игілік (PD-Russia-expired)
- Қатын өзенінің бойындағы қазақ ауылы, 1911–1914 жж.Сергей Борисов · Қоғамдық игілік (PD-Russia-expired)
- Киіз үй алдындағы топ, 1885 ж.Library of Congress, Prints & Photographs · Қоғамдық игілік (PD-old-100)
- Есіл алқабындағы жылқы үйірі, қыркүйек.TheGreatSteppeWiki · CC BY-SA 4.0
- Шаңырақ — киіз үйдің төбесіндегі шеңбер.Alexandr frolov · CC BY-SA 4.0
- Қазақ киіз кілемі. Батыс Қазақстан, XX ғасыр басы.Книжная пыль · CC BY 4.0
- Халық аспаптары мұражайы, Алматы.Мазур Владимир · CC BY-SA 4.0
- Абай өлеңдерінің алғашқы жинағы (1909), Абай мұражайы.Yakov Fedorov · CC BY-SA 4.0
- Мұғалім мен шәкірттері. XIX ғасыр.Дудин С. М., Поляков И. С. · Қоғамдық игілік (PD-old)
- Сәукеле киген қалыңдық. 1899 ж.С. М. Дудин · Қоғамдық игілік (PD-old)
- Қарт ерлі-зайыптылар. Көкшетау өңірі, 1896 ж.К. Н. Де-Лазари · Қоғамдық игілік (PD-old)
- Атты қазақтар. XIX ғасыр.С. М. Дудин, К. Н. Де-Лазари · Қоғамдық игілік (PD-old)
- Қазақ отбасы. Жетісу облысы, 1898 ж.Авторы белгісіз · Қоғамдық игілік (PD-old)
- Қол диірмен. Қарқаралы, 1899 ж.С. М. Дудин · Қоғамдық игілік (PD-old)
- Семей базары, 1885 ж. — Абай жиі болған қала.Library of Congress, Prints & Photographs · Қоғамдық игілік (PD-old-100)
- Көш. Сырдария облысы, 1865–1872 жж.Александр Кун (Түркістан альбомы) · Қоғамдық игілік (PD-old-100)
- Мереке, киіз үй жанында. Орынбор маңы, 1910 ж.Баспагері белгісіз (пошта ашықхаты) · Қоғамдық игілік (PD-old)
- Теріден тігілген қазақ киімі (мұражай көрмесі).Машка кашка · CC BY-SA 4.0
- Қазақ әйел костюмі. Семей облысы.Книжная пыль · CC BY 4.0
- Торсық — теріден жасалған қымыз ыдысы. Жамбыл Жабаев музейі.PlainVector · CC BY-SA 4.0
- Домбыра, XIX ғасырдың соңы. Шебері — Нысанбай Жолкей.Nurken · CC BY-SA 4.0
- Абай кітабы. Орталық мемлекеттік мұражай, Алматы.Nurken · CC BY-SA 4.0
- Киіз үйдің іші (мұражай қайта жасауы). Алматы.Nurken · CC BY-SA 4.0
Аудио
Тараулар мен сөздердің дауысы
Microsoft қазақ нейродауыстары (kk-KZ-DauletNeural, kk-KZ-AigulNeural). 50 тарау («Қара сөздер», 138 мин) алдын ала синтезделген; қалғаны сұраныс бойынша ағынмен синтезделеді (msedge-tts — Edge «Дауыстап оқу» қызметіне бейресми қатынау, SLA жоқ; өндірістік жүктемеде сол дауыстар Azure Speech арқылы ресми түрде қосылады). Сөз айтылуы: ElevenLabs кілті болса — ол, болмаса сол Microsoft дауыстары, соңғы қор — браузердің Web Speech API.
Табиғат дыбыстары — Wikimedia Commons, CC BY-SA 4.0
- «Дала» — Burkhard Mücke, Atmo – Grillen mit Vögel.mp3 (CC BY-SA 4.0)
- «Таң» — Burkhard Mücke, Atmo – Vögel klar.mp3 (CC BY-SA 4.0)
- «Жел» — Robert EA Harvey, Bourne woods windy 2020-05-05 0806.mp3 (CC BY-SA 4.0)
- «Су» — Burkhard Mücke, Atmo – Ufer Wellen.mp3 (CC BY-SA 4.0)
- «Түн» — Burkhard Mücke, Atmo – Grillen mit Hummeln.mp3 (CC BY-SA 4.0)
Домбыра
«Адай» — Құрманғазы Сағырбайұлы: свободно лицензированная запись, предоставлена владельцем проекта (free sound.mp3). Жазба жүктелмесе — Web Audio-да синтезделген домбыра (Karplus–Strong моделі), күйлердің стилизациясы, транскрипция емес.
Қандай деректер жиналады
Аккаунтсыз (қонақ)
Прогресс (ашылған сөздер, жеке сөздік, сабақ нәтижелері, өз мәтіндер) тек осы браузердің localStorage-інде. Серверге ештеңе жазылмайды. Экспорт/импорт — JSON файл, профильде.
Аккаунтпен
Email, құпия сөз хэші (Supabase Auth) және прогресс снимогы (JSON) — Supabase Postgres-те, әр пайдаланушы тек өз жолын көреді (Row Level Security). Өз жүктеген мәтіндер бұлтқа кетпейді. Аккаунтты өшіру — прогресс автоматты түрде өшіріледі (on delete cascade).
Сынып тапсырмасы
Оқушы енгізген аты (60 таңбаға дейін), сабақ идентификаторы, сұрақтар саны мен дұрыс жауаптар — код түрінде мұғалімге, Supabase қосылса — мұғалімнің сынып кестесіне. Аккаунт, email, телефон сұралмайды.
AI сұраныстары
Сөз + абзац (немесе сөйлем) + кітап пен тарау атауы серверден Anthropic API-ге жіберіледі; жеке деректер, аккаунт идентификаторы, IP жіберілмейді. Жауап кэштеледі (жад + Supabase, тек мәтін), IP бойынша шек (30/мин) сервер жадында уақытша.
Аналитика мен cookie
Сыртқы аналитика, жарнама трекерлері жоқ. Cookie — тек Supabase сессиясы (кірген болсаңыз). Service worker кэші — офлайн үшін, құрылғыда.
AI қалай қолданылады және кім тексереді
Модель — Claude Haiku 4.5 (Anthropic), баптаумен ауыстырылады (ANTHROPIC_MODEL, ANTHROPIC_BASE_URL — отандық қазақ тілді модельге көшуге дайын). Қолданылатын жері:
- сөздің дәл осы сөйлемдегі мағынасы — редакция түсіндірмесі мен сөздік жетпегенде ғана;
- сөздік статьясының кеңейтілген түсіндірмесі («Сөздік» бетінде);
- квиз сұрақтарын құрастыру — жауап формулировкада кездеспеуі қатаң тексеріледі (validateQuestion), өтпегені жергілікті генератормен ауыстырылады.
Тексеру тәртібі: (1) редакция түсіндірмесі бар жерде AI шақырылмайды; (2) AI жауабы интерфейсте «AI түсіндірді» деп белгіленеді және жалпы сөздік мағынасымен қатар көрсетіледі; (3) оқырман күмәнді түсіндірмені редакцияға белгілейді; (4) редакция белгіленген сөздерге проверенное «usages» жазады — сол сәттен бастап AI бұл жерде қолданылмайды. AI классиканың мәтінін жазбайды және өзгертпейді.
Код және байланыс
Платформа коды — Next.js, TypeScript, Supabase; мәтіндерді импорттау, сөздікті жинау және аудионы синтездеу скриптілері репозиторийде (scripts/). Құқық иесі өз материалына қатысты сұрақ туындаса — sozqazyna@gmail.com; негізді сұраныс бойынша материал 3 жұмыс күні ішінде алынады. Соңғы редакциялық тексеру: 2026-09-21.
