Ыбырай Алтынсарин. Әңгімелер мен өлеңдер · Ыбырай Алтынсарин
Ақымақ дос
Тарауды тыңдау
Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен
≈ 1 мин
Кез келген сөзге түртіңіз — қазақша түсіндірмесі шығады.
Бір мырза орманнан бір аю баласын ұстап алып, үйіне алып келіп, сонша жақсы күтіп асырапты. Бір күндерде мырза қатты ауырып, бір айдай төсектен тұрмай жатып, сол уақытта аюды да қараған кісі болмай, бұл да қатты жүдеп зарығыпты. Аурудан азғана тәуір болған соң, мырза бір күні далада, есік алдына отырып, күннің жылысымен маужырап қалғиды, бірақ маңдайына, бетіне шыбын қонып, шыдатпайды. Соның бәрінде манағы аю көріп отыр екен, мырзаға тыныштық бермегені үшін шыбынға қатты кейіді. Сөйтіп, аю ыза бола тұра жұлқып кеткенде шынжыры үзіліп кетіп, жүгіріп барды да, мырзаның бетіне табанымен салып келіп кеткенде, мырза қалпақтай ұшып, сол жерде-ақ жан тапсырды дейді. Бұл іс Дауыт пайғамбардың заманында болған екен. Аюды халық пайғамбарға сүйретіп алып барды, бұған қалайынша жаза береміз деп. Әзірет Дауыт аюдан сұрады: — He себептен қожаңды өлтірдің? Аю жылап айтты дейді: — Қожам мені баласындай күтіп, асыраушы еді, ол ауырған уақытта мені күткен кісі болмай, қожамның жазылуын тілеп зарықтым. Бүгін сол аурудан тәуірірек болып, қожамның далаға шыққанына қуанып қарап тұрғанымда, мырза есік алдына отырып, қалғыйын деп еді, шыбындар тыныштық бермеді; соған ашуым келіп ұрғанымда қожам, не себептен екенін білмедім, өліп қалды. Мен қожама қастық ойламадым, шыбынды қырайын деп едім, — деді.
Мазмұны · 553 / 55
- 1Абылай хан
- 2Айуанның естесі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ
- 3Ақымақ дос
- 4Алтын шеттеуік
- 5Ананың сүюі
- 6Асыл шөп
- 7Аурудан аяған күштірек
- 8Әдеп
- 9Әділдік
- 10Әй, достарым!
- 11Әй, жігіттер!
- 12Әке мен бала
- 13Әлім кісі
- 14Байұлы
- 15Бай мен жарлы баласы
- 16Бақша ағаштары
- 17Баланың айласы
- 18Бұл кім?
- 19Білгеннің пайдасы
- 20Бір уыс мақта
- 21Дүние қалай етсең табылады
- 22Жаз
- 23Жамандыққа жақсылық
- 24Жаман жолдас
- 25Жан-жануарлардың дауласқаны
- 26Жәнібек батыр
- 27Жомарт
- 28Зеректік
- 29Кел, балалар, оқылық
- 30Қанағат
- 31Қара батыр
- 32Қарға мен құрт
- 33Қыпшақ Сейітқұл
- 34Лұқпан әкім
- 35Малды пайдаға жарату
- 36Мейірімді бала
- 37Мұжық пен жасауыл
- 38Мұңсыз адам
- 39Өзен
- 40Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
- 41Өтіріктің залалы
- 42Петр патшаның тергелгені
- 43Полкан деген ит
- 44Сақып
- 45Салақтық
- 46Сараңдық пен жинақтылық
- 47Сауысқан мен қарға
- 48Сәтемір хан
- 49Силинші деген ханым
- 50Таза бұлақ
- 51Талаптың пайдасы
- 52Түлкі мен ешкі
- 53Тышқанның өсиеті
- 54Шеше мен бала
- 55Ізбасты
Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз
Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады