Ыбырай Алтынсариннің фотопортреті: сақалды, қара шапан киген ағартушы

Ыбырай Алтынсарин. Әңгімелер мен өлеңдер · Ыбырай Алтынсарин

Әке мен бала

Тарауды тыңдау

Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен

≈ 1 мин

Кез келген сөзге түртіңіз — қазақша түсіндірмесі шығады.

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп баласына айтты:

— Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.

Бала әкесіне:

— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетіне темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, сонан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты.

— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең — көптен де құры боласың, — деді.

Мазмұны · 5512 / 55
  1. 1Абылай хан
  2. 2Айуанның естесі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ
  3. 3Ақымақ дос
  4. 4Алтын шеттеуік
  5. 5Ананың сүюі
  6. 6Асыл шөп
  7. 7Аурудан аяған күштірек
  8. 8Әдеп
  9. 9Әділдік
  10. 10Әй, достарым!
  11. 11Әй, жігіттер!
  12. 12Әке мен бала
  13. 13Әлім кісі
  14. 14Байұлы
  15. 15Бай мен жарлы баласы
  16. 16Бақша ағаштары
  17. 17Баланың айласы
  18. 18Бұл кім?
  19. 19Білгеннің пайдасы
  20. 20Бір уыс мақта
  21. 21Дүние қалай етсең табылады
  22. 22Жаз
  23. 23Жамандыққа жақсылық
  24. 24Жаман жолдас
  25. 25Жан-жануарлардың дауласқаны
  26. 26Жәнібек батыр
  27. 27Жомарт
  28. 28Зеректік
  29. 29Кел, балалар, оқылық
  30. 30Қанағат
  31. 31Қара батыр
  32. 32Қарға мен құрт
  33. 33Қыпшақ Сейітқұл
  34. 34Лұқпан әкім
  35. 35Малды пайдаға жарату
  36. 36Мейірімді бала
  37. 37Мұжық пен жасауыл
  38. 38Мұңсыз адам
  39. 39Өзен
  40. 40Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
  41. 41Өтіріктің залалы
  42. 42Петр патшаның тергелгені
  43. 43Полкан деген ит
  44. 44Сақып
  45. 45Салақтық
  46. 46Сараңдық пен жинақтылық
  47. 47Сауысқан мен қарға
  48. 48Сәтемір хан
  49. 49Силинші деген ханым
  50. 50Таза бұлақ
  51. 51Талаптың пайдасы
  52. 52Түлкі мен ешкі
  53. 53Тышқанның өсиеті
  54. 54Шеше мен бала
  55. 55Ізбасты

Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз

Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады

Квиз бастау