Ыбырай Алтынсариннің фотопортреті: сақалды, қара шапан киген ағартушы

Ыбырай Алтынсарин. Әңгімелер мен өлеңдер · Ыбырай Алтынсарин

Мұңсыз адам

Тарауды тыңдау

Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен

≈ 2 мин

Кез келген сөзге түртіңіз — қазақша түсіндірмесі шығады.

Бір патшаның ханымы ауру болып, жұрттан неше-неше дәрігер жыйдырып, ем еткізсе де ешбір дауасы табылмады. Патша мұнан соң бақсы-балгерлерді жыйдырып жарлық айтты: — Балдарыңызды ашып, осы ханымға не ем болатынын табыңыз, егер таппасаңыз бәріңізді де астырып өлтіремін, — деп. Бақсы-балгерлер қорқып, сасып тұрғанда, ішінде біреуі айтты: «Мен бұл аурудың емін таптым». Сол сөзбен мұны ханға алып келісті. Бұл балгер ханға айтты: — Дүниеде мұңсыз кісі тауып, соның көйлегімен қақтырсаңыз, бұл ауруға сол ем екен. Патша жер жүзіне жасауылдарын таратып, қанша іздесе де мүңсыз адам табылмады; біреу бай, не бақыты болса баласы жоқ, екеуі де болса не қатыны не баласының мейірімі жоқ, болмаса біреулерден көрген кемшілігі бар, болмаса не өзі, не қатын-балалары сырқау, ең болмаса сол айтылғанның бәрін құдай берген болса, қанағат жоқ болғаннан уайымы көп тағы ілгерірек болмадым деп. Күдер үзіп, мұңсыз адам жоқ екен деп қойған кезде, бір күн патшаның баласы келе жатса, бір кедей адам даладағы бұзылған тамның түбіне келіп айтады: «Бүгін жұмысымды бітірдім, қарнымды тойдырдым, енді не уайымым бар, кел жатып ұйықтайын» — деп, тамның қасындағы жыйынды салам үстіне жығылды да жатты, бітегене болмай қорылдап ұйықтап та қалды. Патшазада мұны көріп, мұңсыз кісі таптым деп патшаға хабар берді. Патша қуанып жасауылдарын жіберді, ол мұңсызды алып келіңіз деп. Алып келген соң, бұл адамға алтын-күміс беріп, енді көйлегіңді бер деп қараса, мұңсыздың үстінде көйлегі де жоқ екен.

Мазмұны · 5538 / 55
  1. 1Абылай хан
  2. 2Айуанның естесі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ
  3. 3Ақымақ дос
  4. 4Алтын шеттеуік
  5. 5Ананың сүюі
  6. 6Асыл шөп
  7. 7Аурудан аяған күштірек
  8. 8Әдеп
  9. 9Әділдік
  10. 10Әй, достарым!
  11. 11Әй, жігіттер!
  12. 12Әке мен бала
  13. 13Әлім кісі
  14. 14Байұлы
  15. 15Бай мен жарлы баласы
  16. 16Бақша ағаштары
  17. 17Баланың айласы
  18. 18Бұл кім?
  19. 19Білгеннің пайдасы
  20. 20Бір уыс мақта
  21. 21Дүние қалай етсең табылады
  22. 22Жаз
  23. 23Жамандыққа жақсылық
  24. 24Жаман жолдас
  25. 25Жан-жануарлардың дауласқаны
  26. 26Жәнібек батыр
  27. 27Жомарт
  28. 28Зеректік
  29. 29Кел, балалар, оқылық
  30. 30Қанағат
  31. 31Қара батыр
  32. 32Қарға мен құрт
  33. 33Қыпшақ Сейітқұл
  34. 34Лұқпан әкім
  35. 35Малды пайдаға жарату
  36. 36Мейірімді бала
  37. 37Мұжық пен жасауыл
  38. 38Мұңсыз адам
  39. 39Өзен
  40. 40Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
  41. 41Өтіріктің залалы
  42. 42Петр патшаның тергелгені
  43. 43Полкан деген ит
  44. 44Сақып
  45. 45Салақтық
  46. 46Сараңдық пен жинақтылық
  47. 47Сауысқан мен қарға
  48. 48Сәтемір хан
  49. 49Силинші деген ханым
  50. 50Таза бұлақ
  51. 51Талаптың пайдасы
  52. 52Түлкі мен ешкі
  53. 53Тышқанның өсиеті
  54. 54Шеше мен бала
  55. 55Ізбасты

Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз

Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады

Квиз бастау