Қара сөздер · Абай Құнанбаев
Отыз үшінші сөз
Тарауды тыңдау
Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен
≈ 2 мин
Кез келген сөзге түртіңіз — қазақша түсіндірмесі шығады.
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтың кеселдері болады.
Әуел — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.
Екінші — ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара табылса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншек, салдау, салғырт, кербездікке салынады.
Үшінші — «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді.
Төртінші — тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсызын берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп және жасынан іс істеп үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, сонымен табысы құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен? Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатындығы қалай?
Мазмұны · 4533 / 45
- 1Бірінші сөз
- 2Екінші сөз
- 3Үшінші сөз
- 4Төртінші сөз
- 5Бесінші сөз
- 6Алтыншы сөз
- 7Жетінші сөз
- 8Сегізінші сөз
- 9Тоғызыншы сөз
- 10Оныншы сөз
- 11Он бірінші сөз
- 12Он екінші сөз
- 13Он үшінші сөз
- 14Он төртінші сөз
- 15Он бесінші сөз
- 16Он алтыншы сөз
- 17Он жетінші сөз
- 18Он сегізінші сөз
- 19Он тоғызыншы сөз
- 20Жиырмасыншы сөз
- 21Жиырма бірінші сөз
- 22Жиырма екінші сөз
- 23Жиырма үшінші сөз
- 24Жиырма төртінші сөз
- 25Жиырма бесінші сөз
- 26Жиырма алтыншы сөз
- 27Жиырма жетінші сөз (Сократ хакімнің сөзі)
- 28Жиырма сегізінші сөз
- 29Жиырма тоғызыншы сөз
- 30Отызыншы сөз
- 31Отыз бірінші сөз
- 32Отыз екінші сөз
- 33Отыз үшінші сөз
- 34Отыз төртінші сөз
- 35Отыз бесінші сөз
- 36Отыз алтыншы сөз
- 37Отыз жетінші сөз
- 38Отыз сегізінші сөз
- 39Отыз тоғызыншы сөз
- 40Қырқыншы сөз
- 41Қырық бірінші сөз
- 42Қырық екінші сөз
- 43Қырық үшінші сөз
- 44Қырық төртінші сөз
- 45Қырық бесінші сөз
Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз
Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады