Абай Құнанбайұлының фотопортреті: тақия киген, ақ сақалды ақын

Қара сөздер · Абай Құнанбаев

Жиырма сегізінші сөз

Тарауды тыңдау

Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен

≈ 3 мин

Асты сызылған 1 сөз — глоссарийден. Кез келген басқа сөзге де түртуге болады: қазақша түсіндірмесі шығады.

Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің көңілі жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді — бұлар неліктен десе біреу, сіздер айтасыздар: құдай тағаланың жаратуынан яки бұйрығынша болған іс деп.

Жә, олай болса, біз құдай тағаланы айыбы жоқ, міні жоқ, өзі әділ деп иман келтіріп едік. Енді құдай тағала бір антұрғанға еңбексіз мал береді екен. Бір құдайдан тілеп, адал еңбек қылып, пайда іздеген кісінің еңбегін жандырмай, қатын-баласын жөндеп асырарлық та қылмай, кедей қылады екен. Ешкімге залалсыз бір момынды ауру қылып, қор қылады екен. Қайда бір ұры, залымның денін сау қылады екен. Әке-шешесі бір екі баланың бірін есті, бірін есер қылады екен. Тамам жұртқа бұзық болма, түзік бол деп жарлық шашып, жол салады екен. Түзікті бейішке шығарамын деп, бұзықты тозаққа саламын деп айта тұра, пендесінің біреуін жақсылыққа мейілдендіріп, біреуін жаманшылыққа мейілдендіріп, өзі құдайлық құдіретімен біреуін жақсылыққа бұрып, біреуін жамандылыққа бұрып жіберіп тұрады екен. Осының бәрі құдай тағаланың айыпсыз, мінсіз ғафур рахимдығына, әділдігіне лайық келе ме? Жұрт та, мүлік те — бәрі құдайдың өзінікі. Бұл қылғанын не дей аламыз?

Өз мүлкін өзі не қылса қыла береді. Оны айыпты болады дей алмаймыз десең, ол сөзің құдай тағаланың айыбы, міні жоқ емес, толып жатыр, бірақ айтуға бата алмаймыз дегенің емес пе? Олай болғанда, пенде өз тырысқандығыменен не табады? Бәрін қылушыға қылдырушы өзі екен.

Пенде пендеге өкпелейтұғын ешнәрсе жоқ. Кім жақсылық, кім жамандық қылса дағы құдайдан келген жарлықты қылып жүр екен дейміз бе? Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге парыз деген екен. Және де әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Жә, біз енді ақылды еркіне жібермесек, құдай тағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады? «Мені таныған ақылменен таныр» дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады.

Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған не болады? Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан — құдай, бірақ қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан — құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан — құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе — жоқ.

Мазмұны · 4528 / 45
  1. 1Бірінші сөз
  2. 2Екінші сөз
  3. 3Үшінші сөз
  4. 4Төртінші сөз
  5. 5Бесінші сөз
  6. 6Алтыншы сөз
  7. 7Жетінші сөз
  8. 8Сегізінші сөз
  9. 9Тоғызыншы сөз
  10. 10Оныншы сөз
  11. 11Он бірінші сөз
  12. 12Он екінші сөз
  13. 13Он үшінші сөз
  14. 14Он төртінші сөз
  15. 15Он бесінші сөз
  16. 16Он алтыншы сөз
  17. 17Он жетінші сөз
  18. 18Он сегізінші сөз
  19. 19Он тоғызыншы сөз
  20. 20Жиырмасыншы сөз
  21. 21Жиырма бірінші сөз
  22. 22Жиырма екінші сөз
  23. 23Жиырма үшінші сөз
  24. 24Жиырма төртінші сөз
  25. 25Жиырма бесінші сөз
  26. 26Жиырма алтыншы сөз
  27. 27Жиырма жетінші сөз (Сократ хакімнің сөзі)
  28. 28Жиырма сегізінші сөз
  29. 29Жиырма тоғызыншы сөз
  30. 30Отызыншы сөз
  31. 31Отыз бірінші сөз
  32. 32Отыз екінші сөз
  33. 33Отыз үшінші сөз
  34. 34Отыз төртінші сөз
  35. 35Отыз бесінші сөз
  36. 36Отыз алтыншы сөз
  37. 37Отыз жетінші сөз
  38. 38Отыз сегізінші сөз
  39. 39Отыз тоғызыншы сөз
  40. 40Қырқыншы сөз
  41. 41Қырық бірінші сөз
  42. 42Қырық екінші сөз
  43. 43Қырық үшінші сөз
  44. 44Қырық төртінші сөз
  45. 45Қырық бесінші сөз

Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз

Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады

Квиз бастау