Абай өлеңдері · Абай Құнанбаев
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Тарауды тыңдау
Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен
≈ 2 мин
Кез келген сөзге түртіңіз — қазақша түсіндірмесі шығады.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Ашуың – ашыған у, ойың – кермек. Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық, Кім көңілді көтеріп, болады ермек?
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.
Ер ісі – ақылға ермек, бойды жеңбек, Өнерсіздің қылығы өле көрмек. Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай, Еріншек ездігінен көпке көнбек.
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек. Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.
Адамзат тірілікті дәулет білмек, Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек. Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп, Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек?
Наданға арам – ақылды құлаққа ілмек, Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек. Рас сөздің кім білер қасиетін, Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.
Қызыл арай, ақ күміс, алтын бергек Қызықты ертегіге көтерілмек. Ақсақалдың, әкенің, білімдінің, Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек.
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей баға бермек. Таразы да, қазы да өз бойында, Наданның сүйенгені – көппен дүрмек.
Алашқа іші жау боп, сырты күлмек, Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек. Бір-екі жолы болған кісі көрсе, Құдай сүйіп жаратқан осы демек.
Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек. Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек.
Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек, Сыбырменен топ жасап бөлек-бөлек. Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ, Өзімен өзі бір күн болмай ма әлек?
Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек, Адалдық, арамдықты кім теңгермек? Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ, Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.
Мазмұны · 14191 / 141
- 1Абыралыға
- 2Адамның кейбір кездері
- 3Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы
- 4Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ
- 5Айттым сәлем, Қаламқас
- 6Алланың өзi де рас, сөзi де рас
- 7Алла деген сөз жеңіл
- 8Альбомға
- 9Антпенен тарқайды
- 10Асқа, тойға баратұғын
- 11Ата-анаға көз қуаныш
- 12Ауру жүрек ақырын соғады жай
- 13Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
- 14Әйелің – Медет қызы, аты Ырым
- 15Әлифби өлеңі
- 16Ән тұралы
- 17Әсемпаз болма әрнеге
- 18Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
- 19Базарға, қарап тұрсам, әркім барар
- 20Байлар жүр жиған малын қорғалатып
- 21Баймағамбетке қатынының атынан шығарылған
- 22Бай сейілді
- 23Балалық өлді, білдің бе?
- 24Болды да партия
- 25Болыс болдым мінеки
- 26Бөстегім, құтылдың ба Көтібақтан?
- 27Бөтен елде бар болса
- 28Буынсыз тілің
- 29Білектей арқасында өрген бұрым
- 30Білімдіден шыққан сөз
- 31Біреуден біреу артылса
- 32Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол
- 33Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық
- 34Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
- 35Ғабидоллаға
- 36Ғалымнан надан артпас ұққанменен
- 37Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол
- 38Ғашықтың тілі тілсіз тіл
- 39Ғылым таппай мақтанба
- 40Домбыраға қол соқпа
- 41Дүйсенқұлға
- 42Дүтбайға
- 43Ем таба алмай
- 44Ерекше естен кетпес қызық қайда?
- 45Есек
- 46Есіңде бар ма жас күнің
- 47Жаз
- 48Жазғытұры
- 49Жақсылыққа
- 50Жалын мен оттан жаралып
- 51Жаманбаланың баласы өлгенде
- 52Жапырағы қуарған ескі үмітпен
- 53Жарқ етпес қара көңлім не қылса да
- 54Жастықтың оты жалындап
- 55Жастықтың оты, қайдасың
- 56Жасымда ғылым бар деп ескермедім
- 57Желсіз түнде жарық ай
- 58Жүрегім менің қырық жамау
- 59Жүрегім, нені сезесің
- 60Жүректе қайрат болмаса
- 61Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас
- 62Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
- 63Жігіт сөзі
- 64Заман ақыр жастары
- 65Интернатта оқып жүр
- 66Кейде есер көңіл құрғырың
- 67Келдік талай жерге енді
- 68Көжекбайға
- 69Көзімнің қарасы
- 70Көзінен басқа ойы жоқ
- 71Көкбайға
- 72Көк ала бұлт сөгіліп
- 73Көк тұман — алдыңдағы келер заман
- 74Көлеңке басын ұзартып
- 75Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
- 76Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
- 77Күз
- 78Күйісбайға
- 79Күлембайға
- 80Күн артынан күн туар
- 81Күшік асырап, ит еттім
- 82Кім екен деп келіп ем түйе қуған
- 83Қажымас дос халықта жоқ
- 84Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы
- 85Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп
- 86Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
- 87Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?
- 88Қансонарда бүркітші шығады аңға
- 89Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай
- 90Қара қатынға
- 91Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
- 92Қатыны мен Масақбай
- 93Қор болды жаным
- 94Қуанбаңдар жастыққа
- 95Қуаты оттай бұрқырап
- 96Құлақтан кіріп, бойды алар
- 97Құр айғай бақырған
- 98Қызарып, сұрланып
- 99Қыз сөзі
- 100Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап
- 101Қыс
- 102Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
- 103Мәз болады болысың
- 104Мен боламын демеңдер
- 105Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
- 106Мен сәлем жазамын
- 107Назарға
- 108Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
- 109Ойға түстім, толғандым
- 110Осы қымыз қазаққа
- 111Өзгеге, көңілім, тоярсың
- 112Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
- 113Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
- 114Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
- 115Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
- 116Пайда ойлама, ар ойла
- 117Патша құдай, сыйындым
- 118Разаққа
- 119Рахымшалға
- 120Сабырсыз, арсыз, еріншек
- 121Сағаттың шықылдағы емес ермек
- 122Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
- 123Сәулең болса кеудеңде
- 124Сегіз аяқ
- 125Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап
- 126Сен мені не етесің?
- 127Соры қалың соққы жеген пышанамыз
- 128Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
- 129Сүйсіне алмадым, сүймедім
- 130Тайға міндік
- 131Тоты құс түсті көбелек
- 132Туғызған ата ана жоқ
- 133Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да
- 134Түбінде баянды еңбек егін салған
- 135Ұяламын дегені көңіл үшін
- 136Фзули, Шәмси, Сәйхали
- 137Шәріпке
- 138Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
- 139Шығыс ақындарынша
- 140Ысытқан, суытқан
- 141Ішім өлген, сыртым сау
Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз
Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады