Абай Құнанбайұлының фотопортреті: тақия киген, ақ сақалды ақын

Абай өлеңдері · Абай Құнанбаев

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

Тарауды тыңдау

Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен

≈ 2 мин

Кез келген сөзге түртіңіз — қазақша түсіндірмесі шығады.

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол - ақынның білімсіз бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі аят, хәдис – сөздің басы, Қосарлы бәйітмысал келді арасы. Қисынымен қызықты болмаса сөз, Неге айтсын пайғамбар мен оны Алласы.

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы, Мүнәжәт уәлилердің зар наласы. Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы?

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап. Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап, Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап. Әр елден өлеңменен қайыр тілеп, Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.

Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап, Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап. Жат елде қайыршылық қылып жүріп, Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап.

Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап, Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап. Қазаққа өлең деген бір қадірсіз, Былжырақ көрінеді солар даңдақ.

Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап. Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел, Сендерге де келейін енді аяңдап.

Батырды айтсам ел шауып алған талап, Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап, Әншейін күн өткізбек әңгімеге Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап.

Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап, Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап. Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп, Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап.

Амалдап қарағайды талға жалғап, Әркім жүр алар жердің ебін қамдап. Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын, Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап.

Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап, Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап. Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп, Елдің байын еліртіп «жау мұндалап».

Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап – Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап.

Мазмұны · 141113 / 141
  1. 1Абыралыға
  2. 2Адамның кейбір кездері
  3. 3Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы
  4. 4Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ
  5. 5Айттым сәлем, Қаламқас
  6. 6Алланың өзi де рас, сөзi де рас
  7. 7Алла деген сөз жеңіл
  8. 8Альбомға
  9. 9Антпенен тарқайды
  10. 10Асқа, тойға баратұғын
  11. 11Ата-анаға көз қуаныш
  12. 12Ауру жүрек ақырын соғады жай
  13. 13Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
  14. 14Әйелің – Медет қызы, аты Ырым
  15. 15Әлифби өлеңі
  16. 16Ән тұралы
  17. 17Әсемпаз болма әрнеге
  18. 18Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
  19. 19Базарға, қарап тұрсам, әркім барар
  20. 20Байлар жүр жиған малын қорғалатып
  21. 21Баймағамбетке қатынының атынан шығарылған
  22. 22Бай сейілді
  23. 23Балалық өлді, білдің бе?
  24. 24Болды да партия
  25. 25Болыс болдым мінеки
  26. 26Бөстегім, құтылдың ба Көтібақтан?
  27. 27Бөтен елде бар болса
  28. 28Буынсыз тілің
  29. 29Білектей арқасында өрген бұрым
  30. 30Білімдіден шыққан сөз
  31. 31Біреуден біреу артылса
  32. 32Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол
  33. 33Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық
  34. 34Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
  35. 35Ғабидоллаға
  36. 36Ғалымнан надан артпас ұққанменен
  37. 37Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол
  38. 38Ғашықтың тілі тілсіз тіл
  39. 39Ғылым таппай мақтанба
  40. 40Домбыраға қол соқпа
  41. 41Дүйсенқұлға
  42. 42Дүтбайға
  43. 43Ем таба алмай
  44. 44Ерекше естен кетпес қызық қайда?
  45. 45Есек
  46. 46Есіңде бар ма жас күнің
  47. 47Жаз
  48. 48Жазғытұры
  49. 49Жақсылыққа
  50. 50Жалын мен оттан жаралып
  51. 51Жаманбаланың баласы өлгенде
  52. 52Жапырағы қуарған ескі үмітпен
  53. 53Жарқ етпес қара көңлім не қылса да
  54. 54Жастықтың оты жалындап
  55. 55Жастықтың оты, қайдасың
  56. 56Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  57. 57Желсіз түнде жарық ай
  58. 58Жүрегім менің қырық жамау
  59. 59Жүрегім, нені сезесің
  60. 60Жүректе қайрат болмаса
  61. 61Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас
  62. 62Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
  63. 63Жігіт сөзі
  64. 64Заман ақыр жастары
  65. 65Интернатта оқып жүр
  66. 66Кейде есер көңіл құрғырың
  67. 67Келдік талай жерге енді
  68. 68Көжекбайға
  69. 69Көзімнің қарасы
  70. 70Көзінен басқа ойы жоқ
  71. 71Көкбайға
  72. 72Көк ала бұлт сөгіліп
  73. 73Көк тұман — алдыңдағы келер заман
  74. 74Көлеңке басын ұзартып
  75. 75Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
  76. 76Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
  77. 77Күз
  78. 78Күйісбайға
  79. 79Күлембайға
  80. 80Күн артынан күн туар
  81. 81Күшік асырап, ит еттім
  82. 82Кім екен деп келіп ем түйе қуған
  83. 83Қажымас дос халықта жоқ
  84. 84Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы
  85. 85Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп
  86. 86Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
  87. 87Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?
  88. 88Қансонарда бүркітші шығады аңға
  89. 89Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай
  90. 90Қара қатынға
  91. 91Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
  92. 92Қатыны мен Масақбай
  93. 93Қор болды жаным
  94. 94Қуанбаңдар жастыққа
  95. 95Қуаты оттай бұрқырап
  96. 96Құлақтан кіріп, бойды алар
  97. 97Құр айғай бақырған
  98. 98Қызарып, сұрланып
  99. 99Қыз сөзі
  100. 100Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап
  101. 101Қыс
  102. 102Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
  103. 103Мәз болады болысың
  104. 104Мен боламын демеңдер
  105. 105Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
  106. 106Мен сәлем жазамын
  107. 107Назарға
  108. 108Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
  109. 109Ойға түстім, толғандым
  110. 110Осы қымыз қазаққа
  111. 111Өзгеге, көңілім, тоярсың
  112. 112Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
  113. 113Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
  114. 114Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
  115. 115Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
  116. 116Пайда ойлама, ар ойла
  117. 117Патша құдай, сыйындым
  118. 118Разаққа
  119. 119Рахымшалға
  120. 120Сабырсыз, арсыз, еріншек
  121. 121Сағаттың шықылдағы емес ермек
  122. 122Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
  123. 123Сәулең болса кеудеңде
  124. 124Сегіз аяқ
  125. 125Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап
  126. 126Сен мені не етесің?
  127. 127Соры қалың соққы жеген пышанамыз
  128. 128Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
  129. 129Сүйсіне алмадым, сүймедім
  130. 130Тайға міндік
  131. 131Тоты құс түсті көбелек
  132. 132Туғызған ата ана жоқ
  133. 133Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да
  134. 134Түбінде баянды еңбек егін салған
  135. 135Ұяламын дегені көңіл үшін
  136. 136Фзули, Шәмси, Сәйхали
  137. 137Шәріпке
  138. 138Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
  139. 139Шығыс ақындарынша
  140. 140Ысытқан, суытқан
  141. 141Ішім өлген, сыртым сау

Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз

Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады

Квиз бастау